2025 жылдың 22 тамызында «Білім келешегі: адал азамат – кәсiби мам» тақырыбында облыстық тамыз конференциясы болып өттi.
Пленарлық бөлімде білім басқармасының басшысы Есен Өмірбайұлы Инербаев өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылының міндеттері мен мақсаттарын айқындап берді. Ұстаздар қауымын Успен ауданының әкімі Мақашев Нұрболат Абылайханұлы құттықтады. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы КММ-де білім беруді жаңғыртудың негізгі міндеттерін жүзеге асыру және жаңа оқу жылындағы перспективалар» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп директоры Кулатаева Асель Айсериковна сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында үйлесімді ұжымның жетістіктері мен мүмкіндіктері туралы айтты. Екінші қосымша баяндамашы – Қаратай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүкеева Нұргүл Мұқанғалиқызы «Білім берудегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен міндеттер» тақырыбында. Нұргүл Мұқанғалиқызы жасанды интеллектті жаттығуда қалай қолданатыны туралы бөлісті. Салтанатты жиында «Педагогикалық олимпиада» номинациясы бойынша білім саласындағы жаңашыл біліктілігі, шығармашылық ізденісі, іскерлігі, тапқырлығы, жетістіктері үшін аудан әкімінің және облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Мектеп қабырғасында ұзақ жылдар еңбек етіп, оқушылар мен ұстаздарға жайлылық туғызып жүрген білім саласы қызметкерлерін аудан әкімі Құрмет грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі мен облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Спорттық жетістіктер нәтижелері бойынша кубоктар берілді. Басшы балалары облыс көлемінде жетістіктерге жетіп, өңірдегі білім саласының дамуына үлес қосып жүрген ұстаздарды мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік шара аудан ұстаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Ұстаздарға жаңа оқу жылында жоғары нәтижелер мен зор денсаулық тілейміз!