Облыстық тамыз педагогикалық конференциясы «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН»

Облыстық тамыз педагогикалық конференциясы «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН»

21 тамыз күні Павлодар қаласындағы Естай атындағы Мәдениет сарайында дәстүрлі облыстық Тамыз педагогикалық конференциясы «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» болып өтті.

Ауқымды шара педагогтарды, еңбек ардагерлерін және құрметті қонақтарды біріктіріп, өңірдің білім саласындағы маңызды оқиғасына айналды.

Қатысушыларға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Аширов, сондай-ақ педагогикалық қауымдастық өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Олардың баяндамаларында алдағы оқу жылына арналған стратегиялық бағыттар мен негізгі міндеттер айқындалды.

Конференция барысында білім беру саласына айрықша үлес қосқан педагогтарды марапаттау рәсімі өтті. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Құрметті білім қызметкері» төсбелгілері табысталды. Бұл жоғары марапатқа Успен ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлмира Баймамырова ие болды.

Успен ауданының білім бөлімі Гүлмира Баймамырованы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! 🎉
Оның кәсіби шеберлігі, мол тәжірибесі мен өз ісіне адалдығы әріптестеріне үлгі болып, жас педагогтарды қанаттандыруда. Алдағы уақытта жаңа табыстарға, толағай жетістіктерге жете беруіне және балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы игілікті миссиясында сарқылмас жігер тілейміз!