Қазақстан – Орталық Азияда Starlink толық көлемде іске қосылған жалғыз ел

Қазақстан – Орталық Азияда Starlink толық көлемде іске қосылған жалғыз ел

Қазақстан Республикасында Starlink спутниктік интернет желісінің толық көлемде іске қосылуы және халыққа сату ресми түрде расталды.

Орталық Азияның басқа елдерінде жағдай келесідей:

  • Өзбекстан – келіссөздер жүргізілген, алайда іске қосу ресми түрде расталған жоқ;

  • Қырғызстан мен Түрікменстан – келіссөздер немесе сынақтық қосылулар туралы мәліметтер жоқ.

Осылайша, Қазақстан – аймақта Starlink қызметіне заңды коммерциялық қолжетімділікті қамтамасыз еткен жалғыз мемлекет.

2023–2024 оқу жылында Успен ауданының «Дмитриевская бастауыш мектебі» КММ Starlink желісіне қосылып, білім беру мекемесі тұрақты әрі жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізді. Бұл өз кезегінде оқу процесін ұйымдастыру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.