Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мектептерде тамақтану ережелері қатаңдатылады

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мектептерде тамақтану ережелері қатаңдатылады

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстандағы мектеп буфеттерінде қамырға оралған шұжық, пицца, нан-тоқаш өнімдері мен зиянды сусындар сатылмайды.
Бұл шешім бірқатар жаппай балалардың улану жағдайларынан кейін қабылданды. Сол оқиғалардың бірі Маңғыстау облысында орын алып, 400-ге жуық оқушы зардап шеккен. Енді мектептегі ас мәзірін бақылау Денсаулық сақтау министрлігіне өтеді: медбикелер күн сайын тағам сапасын тексереді, ал СЭС күтпеген тексерулер жүргізе алады. Мектеп асханаларын қаржыландыру да жыл сайын 15–20%-ға өседі.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа ережелер барлық мектептер үшін міндетті екенін және олар тамақтың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.