Успенка ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне және оқу жылының қорытындысын шығаруға арналған «Зерек бала» салтанатты іс-шарасы өтті!
мереке аясында талантты, белсенді және дарынды балаларды — олимпиадалардың, конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын және ауданның түкпір-түкпірінен оқу үздіктерін атап өттік. Балаларға лайықты еңбегі, білімге ұмтылысы үшін, естелік сыйлықтар, мадақтама қағаздары мен алғыс сөздеріне ие болды.
«Зерек бала» - бұл тек балалар еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар жаңа жетістіктерге деген жарқын мотивация. Іс-шара мереке, қуаныш пен шабыт атмосферасында өтті.
Педагогтарға, ата-аналарға және ұйымдастырушыларға жас ұрпақты қолдағаны және дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Алар асуларың биік болсын!