Мұғалімдердің әдістемелік форумы: ұрпақтар мен мамандар диалогы

Мұғалімдердің әдістемелік форумы: ұрпақтар мен мамандар диалогы

Аудандық әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес 2025 жылдың 15 мамырында "Жас ұрпақтың тілдік санасын қалыптастыру" атты аудандық форумы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне өткізілді. Форумға аудан мектептерінен 25 педагог қатысты, және Абай ЖОББ мектебінің ардагер ұстазы - Жунусова Макен Тотанаевна, "Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының" аға оқытушысы - Эртисхан Оморгуль, Павлодар облысы білім беру басқармасының "Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының" әдіскері – Атажанова Балнур Айтпаевна қонаққа шақырылды.

Форумда өз тәжірибесімен бөліскен педагогтер:
1. Дукеева Нургуль Мукангалиевна – Богатырь НЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.


2. Жунусова Ажар Назымбековна – Ковалев НЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім.


3. Сейтказина Гулжазира Кайроллаевна – Ш. Айманов ат. ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.


М. Әуезов ат. ЖОББМ психологы – Беспалько Елена Каирбековна мен А. Байтұрсынұлы ат. ЖОББМ психологы Усольцева Виктория Ивановна "Жағымды көңіл күй" атты психологиялық тренингін өткізді. Форумның соңында келген қонақтар ұсыныстар мен пікрілерін айтып форумды қорытындылады. Форумда өз тәжірибесімен бөліскен педагогтерге алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.