Ұлттық тәрбие негізі – балабақшадан бастау алады.

Ұлттық тәрбие негізі – балабақшадан бастау алады.

Ұлттық тәрбие негізі – балабақшадан бастау алады. Сондықтан балабақша мен ата-аналар жұмысының сабақтастығы аса маңызды. Осы орайда 2 мамыр күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Үржар ауданы білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес «Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Балбөбек» балабақшасы» КМҚК және «Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы» КМҚК «Әкелер, Аналар мектебі» бойынша өз жұмыстарын облыстық вебинарда көрсетті.
Вебинар барысында балабақша әдіскері Джелбагаева Баршагуль Ахметкановна жүргізілген жұмыстардың түрлерімен таныстырды. «Балбөбек» балабақшасы Аналар мектебінің «Сиқырлы жүн», «Аналар жолымен...», «Түрлі-түсті қағаздар», «Пластик әлемі», «Құтты қонаққа - тәтті тамақ», «Ертегі әлемі» тақырыбындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, атқарылып жатқан жұмыс барысының бейнероликтерін ұсынды. Ал, «Балдырған» балабақшасы «Әкелер» мектебінің «Табиғи ойыншықтар әлемі», «Томар ағаштар» тақырыбындағы табиғи материалмен жұмыстарды қалай ұтымды жүргізу керектігімен бөлісті. Сонымен қатар «Балдырған» балабақшасының «Құлагер» әкелер клубының тақымы мықты ер азаматтарды балабақша табалдырығынан тәрбиелеу бойынша атпен жұмыстары ұсынылды. Нәтиже ретінде атқарылған жұмыстардың мониторингісі шығарылып, ата-аналармен бірлескен жұмыстардың құндылығы айшықталды Ауданымыздың балабақшалары облыстық вебинарда үлгі болатындай іс-тәжірибе алмасты. Вебинарға қатысушылар кері байланыс жасап жұмыстарды өте жоғары бағалады. Әкенің тәрбиесі мен әженің тәлімі, ананың өнегесі – сан ғасырлық тәрбиенің негізгі көзі, қайнар бұлағы. Ұлттық құндылықты, ұлттық тәрбие, ұлттық сананы қалыптастыру, оны балаларымыздың бойына сіңіру, меңгерту – еліміздің жарқын болашағының көрінісі, берекелі бүгініміздің нышаны, кемелденген келешектің болмысы. Ендеше, ұлттық құндылығымыз бен салт – сананы бірлесе отырып бірге қалыптастырайық! Егемендігіміз бен елдігіміздің тұғырын көтеретін ұлттық рухы биік, адами қасиеттері мен парасатты білімді азаматтарды тәрбиелеуге бірге атсалысайық!