«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Екі жылдың ішінде еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 91 млрд. теңге көлемінде 80-нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. Білім беру саласында «Ауыл өңірлеріндегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» сияқты жобалар бар. Бұл жобалардың ішінде «Жаздық жолдама» жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа мүмкіндіктерге ие болды.
 Қор Оқу ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сыныптың 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап қойды. Үржар ауданына 150 жолдама тиесілі болды.15 наурыз күні Жансүгіров атындағы орта мектебінде Үржар ауданы әкімінің орынбасары Тұрлыбеков Б. К. Жансүгіров ОМ, Абылайхан ОМ, Абай ОМ, Б.Момышұлы орта мектептеріне сертификаттарын табыстады. @qazaqstanhalqyna
@oqu_agartu_ministrligi                                            @abai_bilim_basqarmasy