«Кітап оқитын ұлт»

«Кітап оқитын ұлт»

Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында «Кітап оқитын педагог» бағыты бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Марафонға Үржар ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Рахимжанова Гульжамал Мырзахметовна қатысуда.

Мақсаты: кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және дамыту, кітапты рухани дамудың маңызды құралы ретінде насихаттау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, педагогтердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу.

«Кітап оқитын педагог» бағыты – ұстаздың кәсіби дамуы мен рухани ізденісін ұштастырып, кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыруға үндейтін маңызды бастама. Кітап оқу арқылы педагог өз білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, оқушыларға үлгі көрсетіп, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Марафон аясында оқылған көркем шығармаларға шолу жасалып, олардың идеялық мазмұны мен тәрбиелік мәні сараланып, оқырман назарына ұсынылады.

Әрбір оқылған кітап – жаңа ойға, жаңа көзқарасқа, рухани ізденіс пен дамуға бастайтын қадам.

📚 Кітап оқитын педагог – кітап оқитын ұрпаққа үлгі!
📖 Кітап оқитын ұрпақ – зерделі ұлттың негізі!