2025 жылдың 15 сәуірінде VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 24-сессиясы өтті. Сессия күн тәртібінде тындалған өзекті мәселе – «Үржар ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» есебі және Абай облысы бойынша тексеру комиссияның жергілікті атқарушы органның аталған есебіне қорытындысы.
«Үржар ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» жергілікті атқарушы органның жылдық есебіне Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының есебімен (жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды) Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Аргынгазина Асель Аманжолқызы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында онлайн ZOOM конференциясы арқылы таныстырды.
Қорытынды құрылымында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері, салықтық және салықтық емес түсімдердің болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізу көрініс тапты, мемлекет қаражаттарын пайдалануға, бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге, бюджеттік кредиттерді пайдалануға және өтеуге, мемлекет активтерін сатып алуға, сатуға және пайдалануға, нысаналы трансферттерді, бағдарламалық құжаттарды іске асыруға, бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу және мемлекет активтерін пайдалу тиімділігіне талдау жүргізіліп, баға берілді. Абай облысы бойынша тексеру комиссияның «Үржар ауданының 2024 жылғы бюджетінің орындалуы туралы жылдық есебінде (қорытындысында)» көрсетілген ескертулер мен ұсынымдар назарға алынды.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132 бабына сәйкес және қаржылық тәртіп, бюджеттік жоспарлау және атқару, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу және рәсімдік бұзушылықтарды азайту үшін жауапкершілік деңгейін арттыру мақсатында аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Анаканованың «2024 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы туралы» баяндамасымен бірге Үржар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Болатовтың «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының ауданды дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы», ауылдық округ әкімдерінің «Ауылдық округтердің 2024 жылдарға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы» баяндамалары тындалды.
Аудандық мәслихаттың депутаты А.Абайбеков аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды жасап, сессияның бекітілуіне ұсынды, қатысып отырған депутаттар дауысқа салып бірауыздан қолдады.
Күн тәртібінде барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.