VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 24-сессиясы туралы

VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың  кезекті 24-сессиясы туралы

Хабарландыру:

       VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 24-сессиясы 2025 жылдың 15 сәуірінде сағ. 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында өтеді (Абылайхан даңғылы, №122, 2-қабат).

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Үржар ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің атқарылуы туралы 

Н.Чакинов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

       Үржар ауданы ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы

Ауылдық округтердің әкімдері

       2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы

Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

       Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының ауданды  дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы 

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері

       Аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды

Аудандық мәслихаттың депутаты

  1. Үржар ауданының ауыл шаруашылық кешені өндірісінің тұрақтылығын    қамтамасыз ету және өнімін арттырудың барысы туралы

Е.Болатов - аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

  1. Әр түрлі мәселелер.

 

       Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 8.30-да басталады.

       Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сағат 9.00-де өткізіледі.  

 

 

        Үржар аудандық

       мәслихатының төрағасы                                                   А.Омаров