
Бүгін Үржар аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі
- Елді мекендерге қолданысқа берілген су құбырларының жағдайы.
- Жол мәселесі, тазалық жұмыстары және облыс әкімінің бастамасы негізінде «Қаладан ауылға бағдарламасы» бойынша ауыл әкімдерін тыңдау.
-Үржар ауданының Жергілікті атқарушы органымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша атқарылған жұмысы туралы Үржар ауылдық округінің жұмыстары бойынша ақпараттар тыңдалып, бірқатар өзекті мәселелер айтылды.
Соныен қатар кезекті отырысқа модератор «ERTIS REGION» қоғамдық қорының атқарушы директоры Абдураимов Алиби Батыржанұлы және «Respublika" партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Айтмұқаш Алмас Виленұлы қатысты.
Модератор Абдураимов Алиби Батыржанұлы сөз алып: Кездесуге келгендегі басты мақсат Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық кеңестердің рөліне аса назар аударғанын айтып, қоғамдық кеңестің ортақ ой-пікірлері, ұсыныстарын істің дамуына қосқан зор үлестері екенін жеткізді.