
Абай облысы Үржар аудандық мәслихаты
учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына жаңа мүшелерді енгізу бойынша конкурс жариялау туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Абай облысы Үржар аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына жаңа мүшелерді енгізу бойынша конкурс жариялайтыны туралы хабарлайды.
Жаңа мүшелер сайлау комиссиясы өкілеттігінің қалған мерзіміне сайланады.
Әрбір саяси партия бос орындарға бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихат бос орындарға жаңа мүшелерді басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 10 ақпаннан 24 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының бос орындарына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының бос орындарына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары қоса беріледі.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның еңбеккерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.
Сайлау комиссияларының бос орындарға жаңа мүшелер бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 24 ақпанға дейін дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Абай облысы Үржар аудандық мәслихаты
Омаров Асқар Серікжанұлы – Үржар аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың тұрған орны: Үржар ауылы, Абылай хан даңғылы, 122.
Жауапты тұлға – Сыркеев Жеңіс Қабсаметұлы, № 201 каб, қалааралық телефон коды (872230), қызметтік телефонның нөмірі 3-46-05, электрондық пошта мекенжайы zh.syrkeev@akimatabai.gov.kz
Абай облысы Үржар аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына жаңа мүшелерді енгізу бойынша конкурс жариялайды:
|
Сайлау учаскелерінің нөмірі |
Сайлау комиссиясындағы бос орын саны |
|
№416 |
1 |
|
№417 |
1 |
|
№418 |
1 |
|
№420 |
1 |
|
№437 |
2 |
|
№439 |
1 |
|
№440 |
1 |
|
№441 |
1 |
Үржар аудандық мәслихаты
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына
__________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
____________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(қызметтік, пәтер, ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,____________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
________________________________________________________________ ұсынылған
(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
Қазақстан Республикасының азаматы,
__________________________________________________ жұмысына қатысуға келісімімді беремін
(сайлау комиссиясының атауы)
Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ___________________________________________
( ия, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
«____»____________201__ жыл _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________________________________
(аты мен әкесінің аты (болған кезде) толық көрсетіледі)
Туған кезі «____» _______________ 19 _____ жыл
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_________________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі *___________________________________________________________________
Білімі _________________________________________________________________________
Мамандығы ____________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі___________________________________________________________
Атқаратын қызметі__________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметті қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауынша көрсетіледі.
** Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
|
р/б |
Жақын туысқандарының (болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты
|
ескерту |
|
|
|
әкесі |
|
|
|
анасы |
|
|
|
ұлы |
|
|
|
қызы |
|
|
|
ағасы |
|
|
|
әпкесі |
|
|
|
атасы |
|
|
|
әжесі |
|
|
|
немересі |
|
|
|
жұбайы (зайыбы) |