Учаскелік сайлау комиссияларға өзгерістер енгізу туралы шешім

Учаскелік сайлау комиссияларға өзгерістер енгізу туралы шешім

VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың

2025 жылғы 25 қарашадағы №29-600/VIII шешімі

 

 

Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы

 №9-194/VIII «Үржар ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6 бабы 1 тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 

  1. Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №9-194/VIII «Үржар ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын құру туралы» шешіміне (Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 тамыздағы №16-330/VIII, 2024 жылғы 28 тамыздағы №17-334/VIII, 2025 жылғы 10 шілдедегі №25-510/VIII, 2025 жылғы 15 қазандағы №28-555/VIII шешімдерімен енгізілген өзгерістерді ескере келе) келесі өзгерістер енгізілсін:

          көрсетілген шешіммен бекітілген келесі учаскелік сайлау комиссияның мүшелері өз міндеттерінен босатылсын:

№405 Коныратова Ботакоз Жумашевна - Аумақтық сайлау комиссиясынан, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты;

№409 Сембаева Гульнар Токановна - «AMANAT» партиясынан, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты;

№413 Сабаева Тлеугайлым Курмановна - Ардагерлер кеңесінен, өз еркімен;   

№415 Даирбекова Мейрамгуль Куановна - «AMANAT» партиясынан, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты;

№415 Нұрғали Минура Мақсұтқанқызы - «Ақ жол» партиясынан, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты;

№423 Смаилов Далелхан Айдарханович - Ардагерлер кеңесінен, өз еркімен;    №423 Смаилова Айнур Мухамедияровна - Аумақтық сайлау комиссиясынан, өз еркімен;

№425 Муканова Баян Жумагалиевна - Аумақтық сайлау комиссиясынан, өз еркімен;

№425 Ваказе Гульзат Сериковна - Аумақтық сайлау комиссиясынан, өз еркімен;

№438 Смағулова Дина Досанқызы - Аумақтық сайлау комиссиясынан, өз еркімен;

№447 Жаманкулова Гульназ Ергалиевна - Аумақтық сайлау комиссиясынан, өз еркімен.    

  1. Саяси партиялар округтік сайлау комиссияларының құрамынан шыққандардың орнына кандидатуралардың ұсыныстарын 2025 жылдың 25 желтоқсанына дейін енгізсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

  

Үржар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                      А.Омаров