VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 25-сессиясы туралы

VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың  кезекті 25-сессиясы туралы

Хабарландыру:

       VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 25-сессиясы 2025 жылдың 8 шілдесінде сағ. 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында өтеді (Абылайхан даңғылы, №122, 2-қабат).

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауының есебі туралы

А.Башимбаев - Үржар ауданының әкімі

  1. Ауданда санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық ошақтарының жағдайы және оны жақсартудың барысы туралы.

М.Аббас - аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы

  1. Ауданда жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу және оларды ауданның қоғамдық өміріне тарту мәселелері бойынша жастар саясатының жұмыс барысы туралы

 С.Сәрсенбаев - аудандық жастар орталығының директорының м.а.  

  1. Қоңыршәулі, Қарақол, Алтыншоқы ауылдық округтері бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы

Ауылдық округтердің әкімдері

  1. 5. Әр түрлі мәселелер.

        Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 8.30-да басталады.

        Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сағат 9.00-де өткізіледі.  

 

 

         Үржар аудандық

        мәслихатының төрағасы                                                   А.Омаров