2022 жылдан бастап дағдарыс орталығы Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсетумен қатар, жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмаған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

       2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Орал қаласындағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмаған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Қабылдау ата-анасының (заңды өкілдерінің) еріп жүруімен жүзеге асырылады. Қызметтерді орталық мамандары (заңгер, фельдшер, психолог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, мәдени ұйымдастырушы, тәрбиеші), қалалық емханалардың дәрігерлері және  білім беру ұйымдарының мамандары (сұраныс бойынша) көрсетеді.

Орталықтың жұмыс уақыты: тәулік бойы.

Мекен-жайы: Орал қаласы, Абай даңғылы 31/1.

Телефондар: 28-56-00, 8 747 918 94 45, 8 702 835 99 39.

e-mail: krizcentre13@mail.ru

Instagram парақшасы: @kriz_center_oral