Орал қаласы бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету порталы

Орал қаласы бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету порталы

Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін портал іске қосылды

Tasqyn.bkogov.kz порталында қаладағы эвакуациялық пункттердің мекенжайлары мен байланыс нөмірлері бар. Сондай-ақ көмек көрсетуге ниетті тұлғалар үшін (кәсіпкерлер, фонд, волонтерлік ұйымдар және т.б.) эвакопукттерге қажетті заттар туралы мәлімет алуға болады.

Порталда су тасқыны туралы жедел мәлімет те бар. Сонымен қатар су тасқыны кезеңіндегі жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдай департаментінің кезекшілік телефон нөмірлері туралы ақпарат көрсетілген.