Тұрғын үй сертификаты

Тұрғын үй сертификаты

Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу бойынша «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен өтінші қанағаттандырылған «Көп балалы отбасылар»,  «Толық емес отбасылар», «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар»,  «Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», «Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер»,  «Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар», санатындағы және  мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін  денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында қызмет ететін  азаматтар!

            «Тұрғын үй сертификаттарын беру   қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық   даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына сәйкес және Батыс Қазақстан облысының мәслихатының  2019 жылғы 18 қарашадағы 36-1 «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы» шешімі негізінде тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі белгіленген.

            Тұрғын үй сертификаттарын  алушыларға төменде көрсетілген санаттар жатады:

1) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

3)      Толық емес отбасылар;

4) «Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар»,

5) «Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер», 

6) «Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар»,

            7) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында қызмет ететін қажетті   мамандар.

            Тұрғын үй сертификаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1,5 млн (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайды.

 

            Тұрғын  үй сертификаттарын алу  үшін қажетті  құжаттар  тізбесі

 

  1. Өтініш;
  2. Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
  3. Соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына));
  4. Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтама;

 

  1. Қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің (Екінші деңгейлі банктің) хатын қоса бере отырып жүгінуі тиіс.