2023 жылғы 24 қарашада қала әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Алтай Есмағұлұлы Құлқаев Орал қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік қызметшілерімен, сондай-ақ экономика және бюджеттік жоспарлау және Мемлекеттік сатып алу бөлімдерінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында қызметкерлермен қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, мемлекеттік қызметті атқарудың маңыздылығы мен жауапкершілігі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясат мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік басқару сапасы ерекше өзектілікке ие болатынына баса назар аударылды. Уақтылы және сұранысқа сай шешімдер қабылдау мемлекеттік қызметтегі кадрлық әлеуеттің сапасымен анықталады және қызметкерлердің қабілеттері ғана емес, сонымен қатар корпоративтік мәдениет пен қоршаған орта да ерекше рөл атқарады.
Кездесу сұрақ-жауап форматымен жалғасты.
Қорытындылай келе, қала әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі кездесуге қатысушыларды жоғары кәсіби және әдепті мемлекеттік қызметші болуға шақырды.