Су тасқынының алдын алу мақсатында Зашаған кенті аумағында кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Су тасқынының алдын алу мақсатында Зашаған кенті аумағында кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Атап айтсақ, С.Айтқұлов пен А.Гужвин көшелері қиылысына, Орал-Саратов тас жолы бойында орналасқан «Алтындар» гипермаркеті маңына, «Зачаганский» бау-бақша серіктестігіне, Жалаңтөс батыр мен Ә.Қашаубаев көшелерінің қиылысына су өткізгіш тұрбалары орнатылуда.
Жалаңтөс батыр және Ә.Мәметов көшелеріне, «Зачаганский» бау-бақша серіктестігіндегі Сарыарқа көшесі №169 үйдің маңына, М.Өзтүрік, Ж.Баласағұн көшелеріне арық жүйесі жүргізілді.
Сондай-ақ Орал-Саратов тас жолы бойына және Жәңгір хан мен Е.Брусиловский көшелері қиылысына бетон тақталар орнатылды. М.Мөңкеұлы көшесіндегі №105, 105/1 үйлерінің ауласына су жиналатын құдық қазылып, орталық кәріз жүйесіне қосылуда.
Арықтар мен су өткізгіштер кент аумағындағы су көп жиналатын аймақтарға орнатылды.