Қала әкімі аппаратының ардагерлерімен салтанатты кездесу

Қала әкімі аппаратының ардагерлерімен салтанатты кездесу

 

 

 

Қарттар күні айлығы аясында 2023 жылғы 19 қазанда қала әкімі М.Сатқанов және  қала әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл  А.Е.Құлқаев қала әкімі аппаратының ардагерлерімен салтанатты кездесу өткізді.

          Қала әкімі М.Сатқанов  - Қарттар күні –бұл аға буын өкілдеріне сіңірген еңбектері  үшін құрмет. Бұл қоғамға егде жастағы адамдардың құрметке лайық екенін еске салады. Қарттар күні – бұл біздің аға буынымызды ерекше ықыласқа бөлейтін  мейірімді де,  жарқын мереке. Бұл мереке қазіргі таңда  өте маңызды мереке деуге болады, өйткені ол қарттардың көптеген мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Қарттар бар елде –әл-ауқат бар. Біз аға буын өкілдерін бағалаймыз және құрметтейміз.Сіздердің әрқайсыларыңызға денсаулық, ұзақ өмір, қайсарлық пен ерік-жігер тілеймін, әр күніңіз сүйіспеншілік пен ықыласқа толы болсын! - деп қала әкімі аға буынға тілегін білдірді.

          Әдеп жөніндегі уәкіл А.Е.Құлқаев – бұл күні ардагерлерімізге  олардың бай өмір тәжірибесіне, таным даналығына құрмет көрсете отырып құттықтайды. Сіздерге ұзақ өмір және мықты саулық тілеймін!

          Салтанатты жағдайда ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталып, сіңірген еңбектеріне алғыс сөздер айтылды.

          Ардагерлер, өз кезегінде, мұндай ықылас пен қамқорлыққа риза болып, өздерінің жақсы тілектерін білдірді.

          Салтанатты іс-шара шай ішумен аяқталды.