Биыл Оралда қала күніне орай 1-9 қыркүйек аралығында 40-қа жуық мерекелік іс-шара жоспарланған.
Қала күніне арналған шаралар бүгін сағат 19.00-де «Атамекен» өнер ордасында өтетін дәстүрлі «Орал-Опера» классикалық музыка кешімен бастау алады.
2 қыркүйек күні 10.00-де ҚАЗИИТУ студенттер сарайында біздің облысымызда кеңінен тараған «Білімділер додасы» атты арнайы жоба оздырылады. Ал сағат 18.00-де «Жастар мәдениет сарайында» жастар арасында «Жайдарман» ойындары өтеді.
3 қыркүйек күні сағат 16.00-де «Ақжайық» стадионында «Қала күні» мерекесі аясында «Жұлдызды матч» ұйымдастырылады. Матчта «Орал» құрамасы және «Назар аудар» медиа құрамасы өзара бақ сынайды. Командалар құрамында мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, журналистер, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, сондай-ақ жайдарманшылар ойнайтын болады.