Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мир один для всех» атты инклюзивті білім алатын балаларға арналған іс-шара өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мир один для всех» атты инклюзивті білім алатын балаларға арналған іс-шара өтті
Қалада инклюзивті қоғамды дамытуға қолдау көрсететін ұйымдар бар.«Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі – осындай қайырымды істер атқаратын ұйым. Бірлестік бүгінгі шуақты мейрамда жалпы ерекше қолдауды қажет ететін 120 балаға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ерекше балаларды қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру маңызды. Қазіргі таңда қала мектептерінде 1500-дай бала инклюзивті білім алады. Үш мектепте инклюзивті білім беруге жабдықталған арнайы кабинеттер бар. Жуық арада мұндай кабинеттердің санын арттыру көзделген. Кейбір қала мектептерінде инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталықтар құрылу жоспарланған.
Мерекелік іс-шараға Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қатысып, оларға бақытты балалық шақ тіледі.
—Бұл мерекені әлемнің 50-ге тарта мемлекеті атап өтеді. Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке. Жеткіншектерімізге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін. Жүздеріңнен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін. Жазғы демалыстарыңыз жақсы өтсін!— деді шаһар басшысы.
Іс-шарада балаларға арнап түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, демеушілер мен депутаттар атынан балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылды.