Оралда Наурыз мейрамы қалай тойланады

Оралда Наурыз мейрамы қалай тойланады
Оралда Наурыз мейрамын тойлау аясында түрлі форматтағы іс-шара өткізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге және спорттық жарыстарына қатыса алады.
16-31 наурыз аралығында «Наурыз» мейрамына арналған 2009-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир өтеді.
17 наурыз күні сағат 11.00-де қалалық №2 кітапхана филиалында «Ою – өрнек нақыштарының ұлттық сипаты» шеберлік сағаты өткізіледі.
20 наурыз күні сағат 10.00-де қалалық №16 кітапхана филиалында тұрғындаға «Ақ кимешек» клубының мүшелерімен «Біз шаншар» дәстүрі көрсетіледі.
20 наурыз - 2 сәуір аралығында қалалық көрме залында ҚР суретшілер одағының мүшесі Александр Раздевиловтың жеке көрмесі өтеді.
21 наурыз күні сағат 11:00-де қалалық мәдениет және демалыс саябағында мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты аула клубтары, комьюнити орталықтары және демалыс саябағы ұжымдарының ұйымдастырумен мерекелік іс-шара өтеді.
22 наурыз сағат 11:00-де Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай басты іс-шара Тұңғыш Президент алыңында ұйымдастырылады. Бұл жерде киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар қойылып, «Жаңарған жер - Бақ қонған ел!» атты театрландырылған концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Ұлттық спорттық ойындар, қолөнер жәрмеңкелерімен бірге ұлттық тағамдар жәрмеңкесі және мерекелік сауда-саттық болады.
22 наурыз күні Зашаған, Деркөл, Круглоозерное кенттері мен Желаев селолық округінде мерекелік концерттер мен спорттық ойындар өткізіледі.