Таразыдан жеген кезде қандай шара қабылдауға болады ?

Таразыдан жеген кезде қандай шара қабылдауға болады ?

       Сатып алушылар арасында электронды таразы дәл өлшеуге кепілдік береді деген пікір әрдайым шындыққа сәйкес келе бермейді. Сатып алу кезінде біз төлеген барлық өнімді аламыз деп үміттенеміз. Электрондық сауда таразыларының кеңінен енгізілуіне байланысты салмақ өлшеу кезінде манипуляциялар басқа да айла-шарғыларды өткен кезде қалған сияқты. Бірақ супермаркетке, дүкенге және базарға кез-келген сапар бұл сенімді бұзуы мүмкін.

      Тәжірибе көрсеткендей, базарларда, тіпті дүкендер мен супермаркеттерде салыстырып тексеруден өтпеген тексеруден өтпеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшеу жүйесінің тізіліміне (ҚР МӨЖ тізілімі) енгізілмеген және шығу тегі белгісіз Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілмеген таразылар болуы мүмкін.

       Тұтынушыларға ескертетін жәйт "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында олардың типі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден  кейін  пайдаланылу  кезеңінде  салыстырылып  тексеріледі.

      Өлшем құралдарын салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi салыстырып тексеру таңбасының бедерімен және салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.

      Тауарды сатып алу кезінде, егер таразының дұрыстығына күмән туындаса, кез-келген тұтынушы сатушыдан сертификат пен мөртабанның болуын талап етуге құқылы. Сонымен қатар, сатып алушы сатып алынған заттың салмағының бақылау таразысы арқылы сәйкестігін тексере алады.

        Кез-келген супермаркетте, дүкенде және нарықта міндетті атрибут-бақылау таразысы болу шарт. Әрине, олар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшеу жүйесінің тізіліміне енгізілуі және салыстырып тексеруден өту тиіс.

      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің функцияларының бірі Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

        Тұтынушылар таразыдан күмән болған кезде нақты фактілер мен дәлелді негіздерді растайтын дәлелдемелер келтіре отырып Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу туралы Департаментке өтініш жасай алады.

       Айта кететін жәйт өлшем құралдары Типін бекіту мақсатына арналған сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын қолданғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 419-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

       Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен алуға болады.

      Біздің мекен - жайымыз: БҚО, Орал қ., Х. Чурин к-сі, 116, каб. 311, 312 тел. 8(7112) 50-65-08, 51-07-54.

 

 

                                                                                     

                                                     ҚР СИМ  Техникалық реттеу және метрология  Комитетінің

                                                     Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің

                                                     бас маман - Батыс Қазақтан облысының мемлекеттік

                                                     бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы

                                                     Саматов Гусман Меңдигереевич