Бүгін Орал қаласы әкімдігінде шаһар басшысы Миржан Сатқанов көпбалалы аналарды қабылдап, оларға «Алтын» және «Күміс» алқаларын тақты

Бүгін Орал қаласы әкімдігінде  шаһар басшысы  Миржан Сатқанов көпбалалы аналарды қабылдап, оларға  «Алтын» және «Күміс» алқаларын тақты
Өткен жылы Орал қаласында 12 ана «Алтын» және 64 ана «Күміс» алқаға ие болған еді.
 
Биылғы жылдың алғашқы марапатын Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов өзі тапсырып, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне қосып отырған үлестері үшін аяулы аналарға алғысын білдірді.