Биыл Зашаған кенті аумағындағы 4 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Биыл Зашаған кенті аумағындағы 4 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілді
 
Мердігер мекеме - «БизнесСтрой» ЖШС.
 
Жоба аясында Жәңгір хан көшесі, 11, Көкжар көшесі, 2, Теміртау көшесі, 19/1,
СМП шағынауданының аулалары абаттандырылып, жаңа кейіпке енді.
 
Көпқабатты тұрғын үйлердің аумақтарына балалар ойын элементтері орнатылып, жаңадан резеңке жабыны төселді. Сонымен қатар, кіші архитектуралық формалар орнатылды.