Сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі—театр

Сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі—театр

Театр — халықтың рухани қазынасы, ұлт байлығы.  Жақсы пьеса, ұтымды репетуар көрерменнің театрға деген құлшынысын арттырары анық.

Жылдан-жылға шаһарымызда  театр өнері жанданып, жас театрлардың кірпіштері қаланып келеді.Осы

жас театрлардың бірі - Алтын Орда балалар мен жасөспірімдер театры.

2020 жылы кино және театр актері,Қазақстанның Еңбек Ері А.Әшімов ақ батасын беріп, «Мәдени-ағарту бірлестігі жанынан Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театры құрылды. 

 Жас театр 2021-2022 ж.ж аралығында:

-«Кім Патша?» (А.Атымтаева)

-«Аладдиннің сиқырлы шамы»(Д.Исабеков)

-«Бес ешкі + 1 ешкі» (заманауи стильге өңделген халық ертегісі)

-«Тозақ шеңбері» (С.Досанов)

-«Қоңырау» (Б.Калчабаева)

-«Қожа мен спорт» (О.Әубәкіров) сынды қойылымдарды көрермен назарына ұсынып келеді.

 

19 желтоқсан күні Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК жанындағы «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық театры  «Сырым батыр» қойылымын  тарту етті.

 

 Қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, ел тарихынан орын алған ұлы тұлға Сырым Датұлының 280 жылдығына арналған қойылым

   режиссері ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Дара» төсбелгісінің иегері Самал Әбуов және  қоюшы суретші – ҚР Театр қайраткерлері Одағының мүшесі,«Дара» төсбелгісінің иегері Әсемгүл Төлепберген.

Ұлт тарихының іргелі бір бөлігі сипатталған қойылым көрермен көңіліне жол таба білді.

Кеш соңында сөз алған Орал қаласы әкімі орынбасары М.Нұржанов жас театрға өз ризашылығын білдірсе,

Сырым ауданы әкімі орынбасары А.Шерғалиев Сырым елі атынан С.Тоқмамбетов бастаған өнер  ұжымына сый-сияпат табыс етті.

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының Батыс аймақтық филиалының төрағасы, облыстық Қ.Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Б.Халиолла қоюшы-режиссер Самал Абуов пен  Сырым батыр рөлін жоғары  деңгейде алып шыққаны үшін   Ж.Магауияұлын  “СЫРЫМ БАТЫР” төсбелгісімен марапаттады.

 

Үздік тарихи қойылымдарымен көрерменді тәнті еткен Алтын Орда  балалар мен жас өспірімдер театры ұжымы театр әлемінде көш бастарына сеніміміз мол!

Қазақ сахнасының саңлақтары Асанәлі мен Меруерттің жолын жалғар ізбасары болыңыздар деген ыстық ықыласымызды білдіреміз!

 

Орал қаласының  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Бөлім баспасөз хатшысы Нұрайзат Мұнарқызы