Сайлауда алғаш рет дауыс берді

Сайлауда алғаш рет дауыс берді
20 қараша күні таңғы жетіде Оралдағы 123 сайлау учаскесі кезектен тыс президенттік сайлауда өз дауысын беруге дайын қала тұрғындары үшін есігін айқара ашты.
Осы сәттен бастап қала жастары сайлау учаскелеріне белсенді келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі - автобус паркі ауданындағы орналасқан №480 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 18 жастағы студенті Бекарыс Қибатов. Ол бүгін ерекше күн екенін атап өтіп, сайлауға алғаш рет қатысқанын айтты.
- Мен биыл өткен рефендумға қатысып, дауыс бере алмадым. Шілде айында 18 жасқа толдым. Енді міне, бүгін еліміз үшін маңызды күнде дауыс беруге келдім. Өзім мемлекеттік грантта білім аламын. Болашақта елімнің маған туғызған осындай мүмкіндігін адал еңбегіммен қайтарғым келеді- дейді Бекарыс.
Өз таңдауын жасаған студентке сайлау учаскесі атынан естелік сыйлық тарту етілді.