Футзалдан қалалық чемпионат басталды

Футзалдан қалалық чемпионат басталды
Бүгін Орал қаласында шағын футболдан дәстүрлі чемпионат басталды.
«Орал» спорт кешенінде өтіп жатқан чемпионатқа қала және өңіріміздің аудандарынан командалар қатысуда.
Жарыстың салтанатты ашылуына Орал қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Армат Исанов,
«Орал» СК директоры орынбасары Елена Рафикова, «Орал Футзал Лигасының» бас хатшысы Самат Аманшин қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Биылғы маусымдық ойынға облысымыздың түкпір-түкпірінен 40-тан астам команда қатысып, Премьер, Бірінші, Екінші және Үшінші Лигаларда сайысқа түседі.
Чемпионат наурыз айына дейін жалғасады.