Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Алтай Есмағұлұлы Құлқаев 2022 жылғы 22 қыркүйекте Зачаганск және Круглоозерное кенттері әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен кесдесу өткізді.

Кездесу барысында әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі саласы бойынша ҚР заңнамаларының талаптарын сақтау мәселері жөнінде жеке кеңестер берілді.

         Мемлекеттік қызметшілердің киім киісіне, сөз сөйлеуіне, жұмыста және жұмыстан тыс әдебіне, телефонмен  сөйлеу мәдениетіне назар жасалды.

         Сондай-ақ, ҚР Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жаңа редакциясы талқыланды. Жаңа Әдеп кодексі жаңа стандарттарды белгілеп, мемлекеттік қызметшілердің моральдік-адами қасиеттерін қалыптастырудың негізіне айналады. Мұнымен бірге, мемлекеттік қызметтің негізгі әдеп қағидалары белгіленген, олар – адалдық, әділдік, ашықтық, әдептілік және клиенке бағдарлану.

         Кездесу соңында пікір алмасылып,  сұрақтарға жауап берілді.