Назар аударыңыз! Хабарландыру!

Назар аударыңыз! Хабарландыру!
 
Ертең, 22 қыркүйекте күні сағат 19:00-ден кейін жол жөндеу жұмыстарына байланысты көшелердің кейбір учаскелері жабылады. Сарайшық көшесі, Назарбаев даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі кіру-шығу жолдары толығымен жабылады. Жүргізушілерден өз маршрутын алдын ала ойластыруды сұраймыз. Автокөліктер мен жолаушылар көлігін айналып өту схемасы қосымша суретте көрсетілген. Бүгін кешке Сарайшық көшесінде асфальт жабынын фрезерлеу жұмыстары жүргізіледі, көше жабылмайды. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!