Жетінші шақырылымдағы Орал қалалық мәслихатының кезекті 19-шы сессиясы өтіп, онда жеті мәселе бойынша шешім қабылдады.

Күн тәртібінде Орал қаласында «Батыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру, Орал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтерді бекіту, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшері бекіту мәселелері қаралды.
Сондай-ақ жиында Орал қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту, Орал қалалық мәслихатының қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.
Жоғарыда қаралған мәселелер бойынша қала депутаттары тиісті шешімдерді қабылдады.