Оралда сараланған тариф 2022 жылдың 10 тамызынан бастап енгізіледі.

Оралда сараланған тариф 2022 жылдың 10 тамызынан бастап енгізіледі.

Оралда сараланған тариф 2022 жылдың 10 тамызынан бастап енгізіледі. Қоғамдық көлікте жол жүру ақысының өзгеруі:

Электронды төлем жүйесімен жол ақысын төлеген жағдайда ересектер үшін - 80 теңге, 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін - 40 теңге. Ал жол ақысы қолма-қол төленген жағдайда - 150 теңге. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін қолма-қол төлем - 70 теңге.

Жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу әдістері:
- Көлік картасы
Avtobys қолданбасына -QR коды
-автобустың мемлекеттік нөмірі бойынша
- Bluetooth төлемі
- Kaspi QR жүйесі арқылы төлем.
Жол ақысын төлеуге арналған көлік карталарының түрлері:
-Стандартты - 450 теңге
- Мектеп (7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар) - 450 теңге
- Әлеуметтік (көруіне байланысты 1 топтағы мүгедектер; 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; Ұлы Отан соғысының ардагерлері).
Көлік карталарын төменде көрсетілген мекенжайлардан сатып алуға болады:
📍Сырым Датов көшесі, 4 (Автобекет)
📍«Жәңгірхан» сауда үйі (1 қабат)
📍 «Орал» ойын-сауық кешені (1-қабат)
📍 «City center» орталығы (1-қабат)
📍 «Азиза» сауда үйі (1-қабат)
📍Қ.Аманжолов көшесі, 57/1 («Салют орто» дүкені)
📍Исатай-Махамбет көшесі,84 (ХҚО ғимараты)
📍Жигули аялдамасы «Outlet» дүкені
📍 «Әмбебап дүкені» аялдамасы (Гүл дүкені)