Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қала күні мерекесіне орай дәстүрлі «Ақжайық – шеберлер қаласы» қолөнер жәрмеңкесін ұйымдастыруда.

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қала күні мерекесіне орай дәстүрлі «Ақжайық – шеберлер қаласы» қолөнер жәрмеңкесін ұйымдастыруда.

 Жәрмеңке аясында қолөнершілердің жұмысын көпшілікке таныстыру және ұлттық төл өнерімізді насихаттау  мақсатында арнайы шеберлік сағаттары өткізілуде.

Киіз басу – көне заманнан келе жатқан халқымыздың көркемдік құндылығы ерекше қолөнер түрі. Ұмытылып бара жатырған өнерімізді жаңғырту мақсатында

4 тамыз күні ҚР Тұңғыш Президент алаңында  Айнагүл Халыққызының киіз басудан шеберлік сағаты өтті.

Шеберлік сағаты барысында  А.Халыққызы киіз басудың заманауи әдістерін көрсетіп, қала тұрғындарына киіз туралы тың ақпараттармен бөлісті.

 9 жылдан бері киіз басумен айналысатын Айнагүл Халыққызы - жеке кәсіпкер

 "Айна Халық"   студиясының меңгерушісі,

 киіз басу шебері һәм тігінші-пішуші. Он саусағынан өнер тамған қол өнершінің қолынан шыққан бұйымдар қазіргі таңда сұранысқа ие.

Халқымыздың аталмыш қолөнерін дамытуда сүбелі үлес қосып жүрген Айнагүл Халыққызына алғыс білдіреміз!

Барша қаламыздың тұрғындары мен қала қонақтарын қолөнершілердің арнайы шеберлік сағаттарын тамашалауға шақырамыз!

 

Сіз де қолөнер бұйымдарының жасалу жолына қызығушылығыңыз болса біз сіздерді

әр аптаның дүйсенбі-бейсенбі күндері 20:00-де ҚР Тұңғыш Президент алаңында күтеміз!