21 шілде күні Алматы қаласында "Бейбітшілік әлемі" Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Өмірлері,өнермен өрнектелген" атты халықаралық өнер фестивалі өтті.
Фестивальға еліміздің Алматы,Ақтөбе,Маңғыстау , Орал қалаларынан және де
Өзбекстан,Қырғызстан,Грузия сынды шет мемлекеттерден қатысушылар жиналды.
Өнер байқауында облысымыздың намысын қорғаған
Мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты "Ардагер" клубының "Асыл әже" вокалдық тобы бас жүлдеге ие болды.
Оған қоса,
Жеке орындаушылық бағыты бойынша - Жаңылай Арстанова, Дәметкен Арстанова, Сұлушаш Турниязовалар топ жарып жүлделі I орынға ие болса.
"Қол өнер" номинациясы бойынша - Сауле Нургалиева бас жүлдені иеленді.
Барша “Асыл әже” вокалдық тобының мүшелеріне "Бейбітшілік әлемі" Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің президенті Әбен Нұрманов “Ұлт абыройы" төсбелгісі және арнайы дипломдарды табыс етті.
Вокалдық топты жарысқа тыңғылықты дайындаған елімізге белгілі сазгер, ҚР "Мәдениет қайраткері"- Әділбек Сүлейменов және топ жетекшісі бірнеше дүркін конкурстардың лауреаты Жаңылай Арстановалардың еңбектектері өте зор.
“Асыл әже” вокалдық тобының мүшелерін
жеңістерімен құттай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!