Бала өміріне абай болайық, ағайын

Бала өміріне абай болайық, ағайын

 

Орал қаласы аумағында «Қауіпсіз балалық шақ – 2022» атты облыстық акциясы жалғасуда. Осы шара барасында қалалық полиция басқармасымен шілде айының 15 мен 31 күндері аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық рейд ұйымдастырылып, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, еріктілер, педагогтар, қоғам белсенділері ат салысып, қатысты. Бұл шараның басты мақсаты – түнгі уақытта кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға жол бермеу.           Жүргізілген жұмыстың қорытындысы негізінде ішкі істер органдарына жалпы 309 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның 300-і түнгі уақытта заңды өкілдерісіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін. Аталған жасөспірімдердің заңды тұлғалары жауапкершілікке тартылып, балалармен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тәрбиелік маңызы бар шаралар қабылданған болатын. Сонымен қатар, өз балаларына қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 7 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  күндізгі уақытта «Атамекен», «Еуразия», «Самал», «Дарын» жазғы лагерьлерінде балаларға құқықтық тақырып бойынша әңгімелер, тренингтер ұйымдастырылды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары мен оған қатысушылары қала тұрғындарына жаз мезгілі қуанышты сәттерімен бірге балалар үшін қауіпті кезең екенін ескертіп,  ата-аналар мен ересек тұлғалардың назарын баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығына назар аударып, ескерту жұмыстарына көңіл бөлуде.

 Құрметті ата-ана! Бала өмірі сіздің қолыңызда екенін естен шығармағаныңыз абзал.