Орал қаласының жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Айнұр Қазмұханова жастар мен зейнет жасына дейінгі қала тұр­ғын­да­рына жұмыс беру жобалары жайында ақпараттармен таныстырды.

Орал қаласының жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Айнұр Қазмұханова жастар мен зейнет жасына дейінгі қала тұр­ғын­да­рына жұмыс беру жобалары жайында ақпараттармен таныстырды.
Қазіргі таңда республика бойынша Ұлттық жоба аясында «Жастар тә­жіри­бесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» және т.б. жобалары жүзеге асуда.
Жастар практикасына алған мамандығы бойынша жұмыс өтілі бір жылдан аспайтын 29 жасқа толған білім беру ұйымдарының түлектері қатыса алады. Жалақыны жұмыспен қамту орталығы 30 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде төлейді. Бұл – шамамен 91 890 теңге.
29 жасқа дейінгі жас­тарға, оның ішінде еңбек өтілі жоқ NEET санатындағы жастарға да 18 айдан аспайтын мерзімге уақыт­ша «Алғашқы жұмыс орны» жоба­сы­ның қарастырылғанын атап өтті. Жұмыспен қамту орталығынан төле­не­тін жалақы мөлшері кемінде 91 890 теңге.
Сонымен бірге зейнеткерлік жастағы жұмыссыздар «Күміс жас» жобасы аясында бір жыл уақытша жұмысқа орналаса алады, кейін тұрақты жұмысқа алып қалады.
Айта кетейік, жыл басынан бері Орал қаласы бойынша 1471 адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде 1050 адам тұрақты негізде жұмыс жасауда.
Толық ақпаратты Құрманғазы, 173А мекенжайындағы Орал қаласының жұмыспен қамту орталығынан немесе enbek.kz сайтынан алуға болады.