Биыл 27 мамырда су көлігінің екі саяжай маршруттарына қызмет көрсетуге конкурс өткізілген болатын. Оның біріншісі — «Жайық өзенінің жағалауы—Барбастау» бағыты, екіншісі — «Жайық өзенінің жағалауы – Учужный затон» бағыты. Ішкі су көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру конкурсына сәйкес «Уралфлотсервис» ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Аталған маршруттар бүгін, яғни 1 маусымнан бастап жұмысын бастады.