Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!

24 мамырдан бастап Әбілқайыр хан даңғылын Карбышев көшесінен С.Датов көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланғанын хабарлаймыз. Жөндеу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Әбілқайыр хан даңғылы қоса берілген сызбаға сәйкес жұмыс өндірісінің 5 учаскесіне бөлінген. Көлік құралдарының қозғалысы бір жағынан, тиісінше жөндеу жұмыстары аймағында жабылады, көліктер қарама-қарсы жолақ бойынша өткізілетін болады. Автокөлік жүргізушілерін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды және мүмкіндігінше параллель көшелермен жөндеу учаскелерін айналып өтулерін сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз!