Х А Б А Р Л А М А ХҚБ 2022

Х А Б А Р Л А М А ХҚБ 2022

Орал қаласының әкімдігі 2022 жылға арналған "Халықтық қатысу бюджеті" жобасының іске асырылуы туралы хабарлайды.

Орал қаласының тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды қабылдау келесі санаттар бойынша жүргізіледі:

- аумақты көгалдандыру;

- тротуарларды жайластыру;

- тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;

- жалпы пайдалану орындарын (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және басқа объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;

- жиектерді, кеспетастарды, тіреуішқабырғаларды жөндеу;

- қоқыс тастайтын жерлерді жою;

- жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересек тұрғындардың демалысы үшін күркелер, орындықтар, урналар, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу;

- аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Жобалық ұсыныстарды қабылдау қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында келесі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: http://uralsk.gov.kz 20 күнтізбелік күн ішінде (2022 жылғы 18 мамырдан - 6 маусымды қоса алғанда аралығында).

Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

- бір өтінім-бір объект;

- ортақ пайдалану объектісі;

- қала тұрғындары үшін өзектілігі;

- бір бюджеттік жыл ішінде іске асыру мүмкіндігі;

- жобалық ұсынысты іске асыру әкімдіктің құзыреті шегінде болуы тиіс.

Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес 15 күнтізбелік  күн ішінде (2022 жылғы 7 -21 маусымды қоса алғанда аралығында) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"  Заңына және қала әкімдігінің Ережесіне сәйкес, келіп түскен өтінімдерді қала әкімдігінің оларды іске асырудың орындылығы мен құзыреттілігі тұрғысынан талдауды және техникалық тексеруді жүзеге асырады.

Іске асырылуы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жобалық ұсыныстарды қала әкімдігі дауыс беруді өткізу үшін ресми интернет-ресурста орналастырады.

Орал қаласының кәмелетке толған тұрғындары 20 күнтізбелік күн ішінде (2022 жылғы 22 маусымнан-11 шілдені қоса алғанда аралығында) ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс беруді жүзеге асырады.

Дауыс беру электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған кезде сайта авторизациялау арқылы жүзеге асырылады.

Орал қаласының бір тұрғыны әрбір жобалық ұсыныс бойынша бір ғана дауысты пайдалануға құқылы.

Бұл ретте, Орал қаласының 10-нан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстарды іске асыруға жол берілмейді.

Ұсынылған жобалық ұсыныстардың саны және әрбір жобалық ұсыныс бойынша дауыс берген азаматтардың саны туралы ақпарат,оларды іске асырудың мүмкіндігі мен орындылығы мәселелерін қарау үшін,сараптамалық кеңеске ұсынылады.

Ұсынылған материалды қарауды сараптамалық кеңес 5 жұмыс күні ішінде (2022 жылғы 12 шілдеден-18 шілде аралығында) жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша тиісті қорытынды шығарылады.

Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде әкімдік өз құзыреті шегінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.