Тәуелсіздік алып, ел еңсесін тіктеп, бейбіт өмір сүруі - Ұлы Жеңістің арқасы

Тәуелсіздік алып, ел еңсесін тіктеп, бейбіт өмір сүруі - Ұлы Жеңістің арқасы
Тәуелсіздік алып, ел еңсесін тіктеп, бейбіт өмір сүруі - Ұлы Жеңістің арқасы. Екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті төнген шақта майдангерлеріміздің ел үшін кеуделері оққа тосып, қан майданда көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бермек. Жыл санап майдангелер қатары сиреп келеді.
Бүгінде Оралда 17 ҰОС ардагері тұрады. Солардың бірі - Анастасия Федоровна Чегнахаева. 101 жастағы ардагерге кеше Деркөл кентінің әкімі Жұбан Жұмағалиев арнайы барып, мерекемен құттықтады. Ардагердің өтінішімен тұрып жатқан пәтерінің терезелерін жаңадан ауыстырып, теледидар сыйға тартты. Игі іске бастамашы болған облыстық мәслихат депутаты А.Бисеновке, «Геона» жеке кәсіпкерлігіне және «Родник» ЖШС-не алғыс білдіреміз.