Бүгін оралдықтар Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды

Бүгін оралдықтар Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды
Бүгін оралдықтар Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды.
Алаңға жиналған қауым Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгер қазақстандықтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды.
Гүл шоқтарын қою рәсіміне Ұлы Отан соғысының ардагерлері, облыс және қала әкімдері, мәслихаттардың, мемлекеттік және құқық қорғау органдардың өкілдері, әскери қызметшілер және қала жұртшылығы қатысты.
Сонымен қатар қала тұрғындары «Қазақ халқының даңқты қыздары», Масин, Жуков ескерткіштеріне, «Бауырластар» зиратына және «Ол күндердің даңқы өшпейді» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Бүгін ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне арналған Жауынгер ботқасы дайындалды.
Деректер бойынша, Батыс Қазақстан облысынан майданға аттанған 76 мың жауынгердің 36 мыңы үйлеріне қайтып оралмады. Облыс бойынша 40 жауынгер Ұлы Отан соғысының батыры, 6 адам Даңқ орденінің толық иегері атанды.
Қазіргі таңда Орал қаласында 17 ҰОС ардагері тұрады.