Бүгін Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы. Төл мерекеге орай Орал қаласының Тұңғыш Президент алаңында басты мерекелік іс-шара өтті

Бүгін Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы. Төл мерекеге орай Орал қаласының Тұңғыш Президент алаңында басты мерекелік іс-шара өтті
Бүгін Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы.
Төл мерекеге орай Орал қаласының Тұңғыш Президент алаңында басты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара көктем, табиғаттың оянуы, қызғалдақтардың гүлденуі бейнелейтін театрландырылған көріністермен шымылдығын ашып, ән мен биге ұласты.
Салтанатты шарада Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жиналған жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.
Мерекелік шарада ақшаңқай 14 киіз үй тігіліп, ұлттық құндылықтарымыз, әдет-ғұрыптарымыз дәріптелді. Ұлттық қолөнер шеберлерінің туындылары тұрғындар назарына ұсынылып, жәрмеңке де оздырылды. «Қазақ күресі», «Арқан тарту», «Асық ату», «Қой көтеру»,
«Қол күресі» сынды ұлттық ойындар ойнатылып, онда қала тұрғындары белсене қатысты.
Сондай-ақ бұл күні Зашаған, Деркөл, Круглоозерный кенттері мен шаһарымыздың бірнеше шағынаудандарында Наурыз мерекесі кеңінен тойланды.