ОРАЛДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА «30 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН» АТТЫ ІС-ШАРАЛАР ЛЕГІ БАСТАЛДЫ.

ОРАЛДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА «30 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН» АТТЫ ІС-ШАРАЛАР ЛЕГІ БАСТАЛДЫ.
Іс-шараның алғашқысы тәуелсіздігіміздің басты нышаны мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналды. «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» деген атаумен өткен салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қатысып, мерекеге арналған іс-шаралар легіне бастау берді.
– Баршамызға белгілі, биыл – ұлық мерекеміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Осыған орай Орал қаласында бір ай көлемінде «30 жұлдызды күн» атты іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Отыз күн ішінде спорттық, мәдени, мерекелік,ұлттық спортты дамытуға арналған шаралар өткізіледі. Сондай-ақ жоспарға сәйкес Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ашылатын болады. Өткізілетін шаралар аясында әр сала бойынша барлық жастағы адамдар қамтылатын болады. Басты мақсатымыз – ұрпақтар сабақтастығын үзбей, дәстүр жалғастығын дамыту, – деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы.
Салтанатты кеште патриоттық әндер шырқалып, көрермендер арасында мемлекеттік рәміздерге қатысты викториналық сұрақтар ойнатылды. Кеш Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен түйінделді.