Бүгін қала әкімдігінде қызмет ететін қаржы саласының қызметкерлерін Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй ұлттық валюта күнімен құттықтады.

Бүгін қала әкімдігінде қызмет ететін қаржы саласының қызметкерлерін Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй ұлттық валюта күнімен құттықтады.
Мирас Рүстемұлы бұл күннің ел тарихындағы атаулы күндердің бірі екенін атап өтіп, сала мамандарына қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестер тіледі.
Іс-шарада қала әкімінің орынбасары осы салада нәтижелі еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерді қала әкімі Абат Шыныбековтың арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.