ЖЕЛАЕВ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ТОЛЫҚТАЙ ӨТТІ

ЖЕЛАЕВ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ТОЛЫҚТАЙ ӨТТІ


Елімізде халық санағы жалғасуда. Интервьюерлер 30 қазанға дейін санақ парақтарын толтыру үшін үй-жайларды аралайды. Тұрғындарға sanaq.gov.kz сайты арқылы да онлайн сауалнамадан өтуге болады.

Орал қаласына қарасты Желаев селолық округі санақ жұмыстарынан мерзімінен бұрын аяқтады. Санақты 725 адам онлайн өткен. Интервьюрлер Кәмшат Жұмағалиева мен Анаргүл Сағитова үйлерді аралау барысында 1707 адамды тіркеген. Желаев округінің ең жасы үлкен тұрғыны — 85 жаста.

«Ауқымды акция халықтың нақты санын, жасы мен гендерлік құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Санақ нәтижелері арқылы экономикалық болжамдар жасалады. Желаев селолық округінің тұрғындары халық санағында белсенділік танытты», — дейді округ әкімі Арман Бисемалиев.