Орал қаласында IV халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында IV халықаралық экологиялық форум өтті

Бүгін Орал қаласында «Uralsk Green Forum» (UGF) Халықаралық экологиялық форумы өтті. Шараны «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірге ұйымдастырды.
Форум жұмысына лауазымды тұлғалар, атап айтқанда ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов, сонымен бірге қалдықтарды басқару, жасыл трансформациялар саласындағы сарапшылар, қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын өңірлік компаниялар, салалық министрліктер мен ведомствалар жетекшілері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – Батыс Қазақстан облысы дамуының негізгі факторы ретінде қалдықтарды басқару саласындағы маңызды мәселелерді, қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық заңнаманың жаңа принциптерін, өңірдегі қалдықтарды басқару деңгейі мен «жасыл» бизнесті дамытуды талқылау.
Сондай-ақ форум аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын жергілікті компаниялардың арнайы көрмесі өтті.

Шараны ашқан КПО Бас директоры Джанкарло Рую экологиялық форумды ұйымдастыру игі дәстүрге айналып келе жатқанын атап өтті. Себебі, сарапшылар, ғалымдар, бизнес пен қоғам белсенділерін біріктіріп, кең ауқымдағы экологиялық мәселелер талқыланатын форум төртінші жыл қатарынан өткізілуде.
«Экологиялық жауапкершілік – КПО-ның корпоративтік саясатының ажырамас бөлігі. Біз өз қызметімізді тұрақты дамуды қамтамасыз ететін тиімді, сенімді және қауіпсіз өндіріс, әлеуметтік және экологиялық проблемаларға жауапкершілікпен қарау негізінде жүзеге асырамыз. UGF экологиялық форумы қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық заңнаманың жаңа принциптерін, өңірдегі «жасыл» инвестицияларды дамыту мәселелерін талқылайтын мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог алаңын ұсынады», - деді Д.Рую.
«КПО Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуіне ауқымды үлес қосу жұмысын жалғастырып, өз қызметінде қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі мәселелеріне баса назар аударады. Қалдықтарды басқару КПО жасыл трансформациясы бағдарламасының ажырамас бөлігі. Компания қалдықтарды басқару саласында ең озық технологиялар мен әдістерді қолданады. Мақсатымыз – өз нысандарымызда қалдықтарды қайта өңдеу, полигондарға қалдық тастаудың көлемін азайту және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту», - дейді КПО Бас директоры.
Өз сөзінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев атап өткендей, Батыс Қазақстан әрі қарай да «ең таза өңір болуа беруге ұмтылады».
«Бұл БҰҰ қабылдаған тұрақты дамудың 17-мақсатына сәйкес келетін біздің миссиямыз бен стратегиямыздың дәлелі болады»,- деді облыс басшысы.
Форум делегаттары аталған форумның айрықша тиімділігін атап өтті. Олардың сөзінше, қатысушылардың жоғары сарапшылық деңгейі күн тәртібінде тұрған мәселелердің жан-жақты талқылануына септігін тигізді. Атап айтқанда, Eicon компаниясының тұрақты даму бойынша сарапшысы Сергей Цой экологиялық міндеттерді шешу өңірдің тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуының негізі екенін алға тартты.
«Тұрақты дамуға ірі бизнестің қатысуынсыз қол жеткізу мүмкін емес. КПО өзін бұл тұрғыда сенімді серіктес ретінде дәлелдеген компания және осы форумның өткізілуі де соның бір дәлелі», - деді С.Цой.
Форум қатысушылары атап өткендей, талқылауда көтерілген барлық маңызды мәселелер әрі қарайғы жұмыста ескеріледі. Олар бойынша нақты шешімдер мен шаралар қабылдау үшін кеңес беру жұмысы жүргізіледі.
Бұдан бөлек, актуалды сұрақтар бойынша барлық шешімдер Батыс Қазақстан облысының тұрақты даму стратегиясын дайындау жұмысында назарға алынады.

КПО Корпоративтік байланыc бөлімі