Оралдық көпбалалы отбасы халық санағынан онлайн өтті

Оралдық көпбалалы отбасы халық санағынан онлайн өтті

Оралдық Қайыржановтар отбасы бұл жылдың маңызды оқиғасы халық санағынан онлайн түрде өткен.

Көпбалалы жанұяның отанасы Ботагөз Бекхожина санақтан онлайн өтудің тиімділігін айтады.
- Отбасымызда 8 адам бар. Онлайн санақтан өту жанұямыз үшін тиімді болды. Ешқайда барып, уақыт жұмсамай, ұялы телефон арқылы санақтан өттік. Бұдан бұрын өткен халық санағында біз жас отбасы болдық. Қазіргі таңда алты балам бар, көпбалалы анамын, - дейді “Күміс алқа” иегері Ботагөз Зұлхарнайқызы.

Кейіпкер еліміз үшін маңызды оқиғадан ешкімнің шет қалмау қажеттігін алға тартады. Сондықтан халық санағына қатысып, белсенді болуға шақырады.

Айта кетейік, халық санағының сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді.