Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мен қалалық әкімдік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мен қалалық әкімдік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Келісім жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану істері бойынша татуластыру рәсімдерін қолдануға қатысты.

Тараптар жанжалдарды соттан тыс шешу, дауларды баламалы шешудің артықшылықтарына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, қоғамдағы жанжалдарды төмендетуге бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу бөлігінде өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.